Закон для васРазноеБюджеттік субсидия декреттік демалыста?ылар?а

Бюджеттік субсидия декреттік демалыста?ылар?а

Нет времени читать? Сохрани

Сіз бақыттысыз, себебі сіз ана боласыз. Осындай ғажайып сәтте барлық проблемаларды ұмытып, ана бақытын сезінген қандай жақсы. Бірақ сіз білуге тиісті бірнше сұрақтар бар. Соларға жауап іздеп көрейік.

Елімізде декреттік демалысқа шығудың реті қандай? Жүкті қызметкерлер қандай маңызды ақпараттарды білуі тиіс? Заң бойынша жүкті қызметкерлер жұмыс кезінде қандай жеңілдіктер алуға құқылы? Декреттен декретке шығуға бола ма? Бала күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды қалай алуға болады? Оларды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет? Бүгінгі материалда осылар жайлы біле аласыз.

***

Баланың туылуына байланысты демалыстың қандай түрлері бар?Жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

жүктілікке және босануға байланысты демалыс;

жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге демалыс;

бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс;

Бұл туралы, Еңбек Кодексінің 99 — бабында жазылған.

***

Қай уақыттан бастап жұмыс беруші қызметкерді декреттік демалысқа жіберуі тиіс?Жүкті әйелге «еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы» беріледі. Осы парақтың негізінде қызметкер декреттік демалысқа шыға алады.

Жұмыс беруші парақта көрсетілген күннен бастап, жүкті қызметкерді жұмыстан босатуы тиіс. Басқаша айтқанда, декреттік демалысқа жіберуі керек.

Еске салайық, демалыс мерзімі: босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 99 — бабының 2 — тармағында көрсетілген.

***

Жұмыс беруші қызметкерді жүктіліктің қандай мерзімінде жұмыстан босатуға құқығы жоқ?Жұмыс беруші қызметкерді жүктіліктің 12 — аптасында және одан да көп мерзімінде жұмыстан босатуға құқығы жоқ. Яғни, еңбек шартын бұза алмайды.

Сондай — ақ, жұмыс беруші: жасы үшке толмаған балалары бар; жалғызбасты аналарды; он төрт жасқа дейінгі баласы бар (баласы мүгедек болса, 18 жасқа дейін) қызметкер әйелдерді жұмыстан босата алмайды.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 54 — бабының 2 — тармағында көрсетілген.

***

Жүкті қызметкер жұмысын жеңілдетуді талап ете ала ма?Иә, талап ете алады. Жұмыс беруші жүкті қызметкерді денсаулығына зиян келтіретін жұмыстан басқа қызметке ауыстыруға тиісті (медициналық қорытынды негізінде). Сондай — ақ, мұндай жағдайда қызметкердің орташа жалақысы сақталуы керек.

Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, жұмысты орындаудан босатылуы керек. Бұл кезде де орташа жалақысы сақталуы тиіс.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 44 — бабы, 1 — тармағында көрсетілген.

Сондай — ақ, жүкті қызметкер вахталық жұмысқа жіберілмейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 135 — бабы, 3 — тармағында көрсетілген.

***

Декреттік демалысқа баланың әкесі шыға ала ма?Иә, шыға алады. Әкелер де бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шыға алады. Алайда, отбасы мүшелері таңдауы тиіс: декреттік демалысқа не анасы, не әкесі шығуы керек.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 100 — бап, 1 — тармағынан біле аласыз.

***

Қай уақытта қызметкер декреттік демалыстан шыға алады?Баласының жасы үшке толмай тұрып, қызметкер кез келген уақытта жұмысқа шыға алады. Бірақ жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрын ескертуі тиіс.

Ескеріңіз, жүктілікке және босануға байланысты демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шығуға заңмен рұқсат етілмейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 100 — бап, 4 — тармағынан біле аласыз.

***

Декреттік демалыстан уақытынан бұрын шықca, қызметкердің бала күтіміне тағайындалған жәрдемақысы сақтала ма?Иә, сақталады. Баланың бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қызметкердің демалыста болғаны — болмағанына қарамастан беріледі.

Айта кетейік, декреттік демалыс уақыты еңбек өтіліне кіреді.

***

1, 5 жасқа дейінгі баласы бар аналар жұмыс уақытында қандай үзілістер алуға құқылы?1, 5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы тамақтандыру үшін, жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:

1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде 30 минут;

2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.

Қызметкердің өтініші бойынша, баланы тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады. Үзілістерді жинап, жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында алуға болады.

Ескеріңіз! Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 82 — бабының 3, 4, 5 — тармақтарында көрсетілген.

***

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы көлемі қандай?Бұл жәрдемақы бала күтімімен отырған жұмыссыз әйелге немесе ер адамға беріледі. Бір жыл көлемінде ай сайын беріліп отыратын жәрдемақының мөлшері мынадай:

бірінші балаға – 5, 76 АЕК – 13 853 теңге;

екінші балаға – 6, 81 АЕК – 16 378 теңге;

үшінші балаға – 7, 85 АЕК – 18 879 теңге;

төртінші және одан көп балаға – 8, 90 АЕК – 21 405 теңге;

Босану жәрдемақысы жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін барлық әйелдерге республикалық бюджеттен төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК, яғни 91 390 теңге; төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК, яғни 151 515 теңге беріледі;

***

Жұмыс істейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?Бұл жәрдемақыны кім ала алады? Қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер алады. Қарапайым тілмен айтар болсақ, жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдарды жүргізетін қызметкер әйелдерге беріледі.

Жәрдемақысы қалай есептеледі?Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөлу қажет, содан кейін 0, 4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.

Мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 мың теңге алды, екінші жылы 150 мың теңгеге дейін еңбекақысы көбейді. Енді осының барлығын және зейнетақы жарналарын, табыс салығын түгелдей қосып есептейміз:

12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге

125 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0, 4 — ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

125 000*0, 4 = 50 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 45 000 теңгені алады.

Осы мысал негізінде Сіз де жәрдемақыңызды есептеп шығара аласыз.

***

Декреттен декретке шығуға бола ма?Декреттік демалыста жүріп, екінші балаға жүкті болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай кезде, декреттегі қызметкер бала күтіміне байланысты тағы да демалыс сұрап, өтініш жазады. Сол арқылы бұйрық шығарылады. Жұмыс орнын сақтау үшін, жұмыс берушіге қызметкер өзінің жүктілігін растайтын тиісті құжаттарды беруі тиіс.

Декреттік демалыстың бүкіл кезеңі еңбек өтіліне қосылады.

Екінші декреттік демалыстан шыққан қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы.

Айта кетейік, жұмыс беруші декреттегі қызметкердің міндетін уақытша атқарып жүрген қызметкерге еңбек қатынастарының өзгергені туралы (жұмыстан босату немесе басқа лауазымға ауыстыру) дереу хабарлау керек. Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 48 — бабында көрсетілген.

***

Жүкті әйел еңбекке қабілетсіздік парағын қалай ала алады?Бұл парақ қандай жағдайға қажет болады?

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты декреттік демалысты беру үшін;

жүктілікке және босануға, баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алу үшін қажет болады.

Парақты алу үшін жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер — гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – ДКК қорытындысынан кейін, бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

Асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады.

Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік 140 күнді құрайды.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда, 27 аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік жүз сексен төрт күнге беріледі.

***

Баланың бір жасына дейін берілетін жәрдемақының тағайындау үшін қажетті құжаттарӨтініш.

Жеке басын куәландыратын құжат.

Тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).

Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.

Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. Шотты кез келген ҚР ЕДБ немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын «ҚазПошта» АҚ сияқты басқа ұйымдарда ашуға болады.

Егер құжаттарды үшінші тұлға берсе, нотариалдық куәландырылған сенімхат.

***

Жүктілігі, босануы, баланы асырап алуы бойынша біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда өтініш.

Жеке басын куәландыратын құжат.

Тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы (төменде сіз оны қалай алуға болатындығы туралы біле аласыз).

Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының (Шотты кез келген ҚР ЕДБ ашуға болады), немесе түзету мекемесінің қолма қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы құжат.

Өзін — өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

жеке кәсіпкер терінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 17 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен берілген салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер бойынша салыстыру акті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде №5446 санымен тіркелген).

Егер құжаттарды үшінші тұлға беретін болса, нотариалдық куәландырылған сенімхат.

Елімізде декреттік демалысқа шығудың реті қандай? Жүкті қызметкерлер қандай маңызды ақпараттарды білуі тиіс? Заң бойынша жүкті қызметкерлер жұмыс кезінде қандай жеңілдіктер алуға құқылы? Декреттен декретке шығуға бола ма? Бала күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды қалай алуға болады? Оларды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет? Бүгінгі материалда осылар жайлы біле аласыз.

1. Баланың туылуына байланысты демалыстың қандай түрлері бар?

Жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

  1. жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
  2. жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге демалыс;
  3. бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс;

Бұл туралы, Еңбек Кодексінің 99-бабында жазылған.

2. Қай уақыттан бастап жұмыс беруші қызметкерді декреттік демалысқа жіберуі тиіс?

Жүкті әйелге “еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы” беріледі. Осы парақтың негізінде қызметкер декреттік демалысқа шыға алады.

Жұмыс беруші парақта көрсетілген күннен бастап, жүкті қызметкерді жұмыстан босатуы тиіс. Басқаша айтқанда, декреттік демалысқа жіберуі керек.

Еске салайық, демалыс мерзімі: босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 99-бабының 2-тармағында көрсетілген.

3.  Жұмыс беруші қызметкерді жүктіліктің қандай мерзімінде жұмыстан босатуға құқығы жоқ?

Жұмыс беруші қызметкерді жүктіліктің 12-аптасында және одан да көп мерзімінде жұмыстан босатуға құқығы жоқ. Яғни, еңбек шартын бұза алмайды.

Сондай-ақ, жұмыс беруші: жасы үшке толмаған балалары бар; жалғызбасты аналарды; он төрт жасқа дейінгі баласы бар (баласы мүгедек болса, 18 жасқа дейін) қызметкер әйелдерді жұмыстан босата алмайды.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 54-бабының 2-тармағында көрсетілген.

4.  Жүкті қызметкер жұмысын жеңілдетуді талап ете ала ма?

Иә, талап ете алады. Жұмыс беруші жүкті қызметкерді денсаулығына зиян келтіретін жұмыстан басқа қызметке ауыстыруға тиісті (медициналық қорытынды негізінде). Сондай-ақ, мұндай жағдайда қызметкердің орташа жалақысы сақталуы керек.

Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, жұмысты орындаудан босатылуы керек. Бұл кезде де орташа жалақысы сақталуы тиіс.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 44-бабы, 1-тармағында көрсетілген.

Сондай-ақ, жүкті қызметкер вахталық жұмысқа жіберілмейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 135-бабы, 3-тармағында көрсетілген.

5.  Декреттік демалысқа баланың әкесі шыға ала ма?

Иә, шыға алады. Әкелер де бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шыға алады. Алайда, отбасы мүшелері таңдауы тиіс: декреттік демалысқа не анасы, не әкесі шығуы керек.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 100-бап, 1-тармағынан біле аласыз.

6.  Қай уақытта қызметкер декреттік демалыстан шыға алады?

Баласының жасы үшке толмай тұрып, қызметкер кез келген уақытта жұмысқа шыға алады. Бірақ жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрынескертуі тиіс.

Ескеріңіз, жүктілікке және босануға байланысты демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шығуға заңмен рұқсат етілмейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 100-бап, 4-тармағынан біле аласыз.

7.  Декреттік демалыстан уақытынан бұрын шықca, қызметкердің бала күтіміне тағайындалған жәрдемақысы сақтала ма?

Иә, сақталады. Баланың бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қызметкердің демалыста болғаны-болмағанына қарамастан беріледі.

Айта кетейік, декреттік демалыс уақыты еңбек өтіліне кіреді.

8. 1,5 жасқа дейінгі баласы бар аналар жұмыс уақытында қандай үзілістер алуға құқылы?

1,5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы тамақтандыру үшін, жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:

1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде 30 минут;

2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.

Қызметкердің өтініші бойынша, баланы тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады. Үзілістерді жинап, жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында алуға болады.

Ескеріңіз! Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 82-бабының 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген.

9. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы көлемі қандай?

Бұл жәрдемақы бала күтімімен отырған жұмыссыз әйелге немесе ер адамға беріледі. Бір жыл көлемінде ай сайын беріліп отыратын жәрдемақының мөлшері мынадай:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК – 13 853 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК – 16 378 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК – 18 879 теңге;
  • төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК – 21 405 теңге;

Босану жәрдемақысы жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін барлық әйелдерге республикалық бюджеттен төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК, яғни 91 390 теңге; төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК, яғни 151 515 теңге беріледі;

10. Жұмыс істейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?

Бұл жәрдемақыны кім ала алады? Қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар  міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер алады. Қарапайым тілмен айтар болсақ, жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдарды жүргізетін қызметкер әйелдерге беріледі.

Жәрдемақысы қалай есептеледі?

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөлу қажет, содан кейін  0,4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.

Мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 мың теңге алды, екінші жылы 150 мың теңгеге дейін еңбекақысы көбейді. Енді осының барлығын және зейнетақы жарналарын, табыс салығын түгелдей қосып есептейміз:

12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге

125 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4-ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

125 000*0,4 = 50 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 45 000 теңгені алады.

Осы мысал негізінде Сіз де жәрдемақыңызды есептеп шығара аласыз.

11.  Декреттен декретке шығуға бола ма?

Декреттік демалыста жүріп, екінші балаға жүкті болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай кезде, декреттегі қызметкер бала күтіміне байланысты тағы да демалыс сұрап, өтініш жазады. Сол арқылы бұйрық шығарылады. Жұмыс орнын сақтау үшін, жұмыс берушіге қызметкер өзінің жүктілігін растайтын тиісті құжаттарды беруі тиіс.

Декреттік демалыстың бүкіл кезеңі еңбек өтіліне қосылады.

Екінші декреттік демалыстан шыққан қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы.

Айта кетейік, жұмыс беруші декреттегі қызметкердің міндетін уақытша атқарып жүрген қызметкерге еңбек қатынастарының өзгергені туралы (жұмыстан босату немесе басқа лауазымға ауыстыру) дереу хабарлау керек. Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 48-бабында көрсетілген.

12. Жүкті әйел еңбекке қабілетсіздік парағын қалай ала алады?

Бұл парақ қандай жағдайға қажет болады?

  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты декреттік демалысты беру үшін;
  • жүктілікке және босануға, баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алу үшін қажет болады.

Парақты алу үшін жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – ДКК қорытындысынан кейін, бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

Асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады.

Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік 140 күнді құрайды.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда,  27 аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік  жүз сексен төрт күнге беріледі.

13. Баланың бір жасына дейін берілетін жәрдемақының тағайындау үшін қажетті құжаттар

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
  4. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  5. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. Шотты  кез келген ҚР ЕДБ немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын  «ҚазПошта» АҚ  сияқты басқа ұйымдарда  ашуға болады.
  1. Егер құжаттарды үшінші тұлға берсе, нотариалдық куәландырылған сенімхат.

14. Жүктілігі, босануы, баланы асырап алуы бойынша біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?

  1. Жүктілігіне және босануына байланысты  табысынан айырылған жағдайда өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін –  Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
  4. Жүктілігіне  және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы  (төменде сіз оны қалай алуға болатындығы туралы біле аласыз).
  5. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының (Шотты  кез келген ҚР ЕДБ ашуға болады), немесе түзету мекемесінің  қолма қол ақшаны  бақылау шотының   нөмірі туралы құжат.
  6. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
    • жеке кәсіпкер терінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
    • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 17 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен берілген салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті  төлемдер бойынша салыстыру акті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде №5446 санымен тіркелген).
  7. Егер құжаттарды үшінші тұлға беретін болса, нотариалдық куәландырылған сенімхат.                                       baribar.kz

Көрілу саны: 470

Сәлемәтсізбе! Егер педагог декреттік демалыстан қазан айында жұмысқа шығып, маусым айының он бесінде кезекті еңбек демалысына шықса, демалыс толық төлене ме алде нақты жасаған күніне төлене ме?

Жауап:

Қазақстандаңы Еңбек кодекстің 91 бап бойынша ақылы жылдық демалысты төлеу үшін мынау уақыт кіреді:

1) мекемеде шын мәнінде істеген уақыт,
2) шын мәнінде істемеген, бірақ жұмыскердің артында жұмыс орны сақталған кезі,
3) еңбекке уақытша жарамсыздық уақыты, сонымен бірге жүктілік және босану демалыста болған кезі,
4) бұрынғы қызметіне қайта тағайындау істемеген кезі.

Сонымен бірге, Еңбек кодекстің 93 бап бойынша ақылы жылдағы демалыстардың кезегі кесте бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

Сөйтіп, еңбек заңдары бойынша қазір жылдағы демалыс белгіленген кесте немесе келісім бойынша беріледі. Сонда жүктілік және босану демалыстан шыққан жұмысшыға жылдағы кезекті демалыстың ақысын жұмысын нақты жасаған күндері үшін төленеді.

Маңғыстау өңірі соңғы жылдары бала туу көрсеткіші жөнінен республикада көш бастап жүр. Бұл – облысымыз үшін жағымды жаңалық болса, биылдан бастап жәрдемақы мөлшерінің көбеюі – аналар үшін қуанышты хабар болды.
Оқырмандарымыздан декреттік демалысқа шығу, әлеуметтік көмек алу, бала күтіміне берілетін жәрдемақы төңірегіндегі бірнеше сұрақ келіп түсті. Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Маңғыстау облыстық филиалының директоры Нұрсұлу Ахметқызымен әңгімелесіп, жоғарыдағы сауалдардың жауабын сұраған едік.

— Қайырлы күн, Нұрсұлу ханым. Редакциямызға «Декреттік демалысқа қанша уақытта шыға аламын?» деген сұрақ келген екен. Әңгімемізді осыдан бастасақ. Жұмыста жүрген қызметкер декретке қанша уақытта шығады?

— 30 аптада шыға алады. Оны емханалардан рәсімдеп, еңбекке жарамсыздық құжатын алғаннан кейін жәрдемақы алуға құқылы болады.

— Әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар жинауы қажет?

— Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қолдау алуды көздейтін азаматтар Әлеуметтік төлемдерді алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне өтінішпен жүгінуі қажет. Жүкітілігіне және босануына әлеуметтік төлемді тағайындау үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған соң Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне:

* жеке басын куәландыратын құжат және

* 20 сандық банктің есеп шот нөмірі туралы анықтамасын қосып өтініш беруге болады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың барлығын топтайды да бізге жібереді. Біз қарап, тағайындап, төлемге жіберміз. Төлемді банктер арқылы Мемлекеттік корпорация өздері жасайды. Қаржыландыру біздің қордың атынан жүргізіледі.

— Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?

— Бірінші кезекте, әлеуметтік төлемнің мөлшері ай сайын түсетін әлеуметтік аударымның сомасына және нақты адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Қорға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісінің 3,5%-ы аударылып отырады. Мысалы, әлеуметтік аударымдар жұмыскердің еңбекақысынан ұсталмайды, 3,5 %-ды жұмыс беруші өз есебінен төлейді. Бірінші кезекте осыны түсінуіміз керек.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеудің маңызы зор.  Сондықтан әрбір қызметкер өзі үшін төленген әлеуметтік аударымдарды тұрақты бақылап отыруы және жұмыс берушіден аударымдардың уақытылы және толық төленуін талап етуі қажет. Бұл ретте айлық табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын көлемде алынады. Яғни,  28 284 (ең төменгі жалақы) * 10 = 282 840 теңге.

Бұл бізде ең жоғарғы деңгей, бір айға бір мекемеден одан артық әлеуметтік аударымдар аударылмайды.

— Мәселен, азаматтың жұмысқа тұрғанына 5 ай болды делік. Оған қалай есептеледі?

— Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге берілген (бала туғанға дейін 70 күнтізбелікке, бала туғаннан кейін 56 күнтізбелікке, жалпы 126 күнге беріледі – ред.) айлық табысы 282 840 теңге болған жағдайда 5-ке көбейтіп, нәтижені 12 айға бөлеміз.

282 840*5 = 1414200; 1414200/12 = 117850 *4,2 коэфициентке = 494 970 теңге жәрдемақының мөлшері шығады.

— Сонда тұлғаның жалақы мөлшеріне байланысты ма?

— Жалақының мөлшеріне қатысты есептеледі. Айта кетейін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын әлеуметтік төлемдерден сақтандыру жағдайына дейін ресми түрде жұмыс істеген және олар үшін әлеуметтік аударымдар төленген азаматтар ғана үміттене алады. Бұл төлемнің жұмыссыз азаматтарға қатысы жоқ.

282 840 теңгенің 3,5 %-ы дегеніміз – 9 900 теңге. Бірақ азаматтардың барлығы 282840 теңге алмайды ғой. Одан төмен алатындар бар.

Туылған баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақысын алу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қорда қатысушы болуы керек. Ол үшін жұмыс істеуі керек. Сол кезде саған жұмыс беруші, сен үшін әлеуметтік аударымды (3,5 %-ды) аударып отырады. Бұл көрсеткіш бұған дейін 5 % еді, 2018 жылдың 1 қаңтарынан 3,5 % болып өзгерді. Бұл салымның барлығы жұмыс берушінің есебінен кетіп отыр.

— Ал бала дүниеге келгенде бір жолғы берілетін көмек барлығына тиесілі ғой?

— Ол барлық азаматтарға жұмыс істесе де, жұмыссыз болса да беріледі. Дүниеге бала келгенде бюджет қаржысы есебінен баланың тууына бір реттік мемелекеттік жәрдемақы ала алады. Оның көрсеткіші 1,2,3-бала дүниеге келгенде 2017 жылғы 1 шілдеден 86 222 теңге болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан 91 390 теңге болып өзгерді.

4 және одан кейінгі балалар дүниеге келгенде 2017 жылдың 1 шілдесінен 142 947 теңге болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан 151 515 теңгеге көбейді. Егер егіз не үшем туылса, бұл қаржы әр бала үшін төленеді. Бұл жәрдемақы біздің Қордан емес, республикалық бюджеттен төленеді.

— Ал баланың бір жасқа дейінгі күтіміне алатын төлемі қалай есептеледі?

— Бала туылған айдан кері 24 ай есепке алынады, мысалы бала ақпан айында туылса, қаңтар айынан бастап артқа қарай 24 ай есептелінеді. 24 айдың жалпы ақшасын шығарып, 24-ке бөлеміз. Нәтижесін 40 пайызға көбейтеміз.

— 100 мың теңге жалақы алатын адамның әлеуметтік төлемін есептеп көрейікші, түсінікті болсын. 

— Жақсы, 100 мың теңге айлық алатын, бірақ 18 ай жұмыс істеген адамға берілетін көмекті есептеп көрейік. Тағы бір ескере кететін жайт – айлығың 100 мың болса, оның 10 пайызы зейнетақы қорына кетеді. Сондықтан оны алып тастап, 90 мыңмен есептейміз.

90 000*18 = 1 620 000.

1 620 000/24 = 67 500

Оны 40 пайызын аламыз: 27 000 теңге. Бала 1 жасқа толғанша ай сайын осы ақша төленеді. Айта кететіні, қазіргі заң бойынша азаматша бала бір жасқа толғанға дейін жұмысқа шықса да жәрдемақы беріледі.

Егер айлығы жоғары болып, 282 840 теңге алатын болса,

282 840*24 (толық 2 жыл жұмыс істесе) / 24 = 282 840.

282 840 * 40% = 113 136 теңге айына алып отырады. Дегенмен мұндай жоғары айлық алатын әйел адамдар онша көп бола бермейді.

— Құжаттарда қате болса қайда хабарласу керек? Ол қалай шешіледі?

— Егер жаңағы айтқан 9 900 теңгені 2018 жылдың қаңтар айына аударылмай, ақпанында екі айға қосып (қаңтар мен ақпан) 19 800 тенгені аударып жіберді делік. Оны біз тексеріп, жөндеп беруге кейін қайтарамыз. Себебі біз есептегенде 9 900 теңгеден артығын алмаймыз, артығы босқа қалып қояды. Оны жұмыс беруші жөндеп береді. 30 күн ішінде жөндеп әкелсе, әрі қарай тағайындаймыз. 30 күн ішінде үлгермесе, біз тағайындаудан бас тартамыз. Бірақ жұмыс беруші құжаттарды жөндегеннен кейін азаматша бізге қайта келуге болады.

Жалпы еңбекке жарамдылық қағазы 2018 жылдың 14 наурызында берілсе, 2019 жылдың 14 наурызына дейін (12 айдан аспау керек) келіп, құжат тапсырып, әлеуметтік көмек алуға құқы бар.

Жаңа сөзімнің арасында айтып кеттім, жұмыс істеуші адам айма-ай өзіне түсетін әлеуметтік аударымдарды тексеріп отыруы қажет.

— Бір декреттік демалыстан соң екіншісіне декреттік демалыс алатын азаматшалар бар ғой. Оларға екінші ретте әлеуметтік көмек беріле ме?

— Онда ол біздің қатысушы болып есептелмейді. Себебі ол жұмыс істеген жоқ. Екі декреттік демалыс арасында ең болмағанда 1-2 ай жұмыс істеуі керек. Бірақ алатын айлығын 12 айға бөлгенде жәрдемақы мөлшері аз болады. Ал жөргекпұл мен баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы жұмыс істемесе де төленеді. (Жұмыс істемейтін әйелдерде оның белгіленген мөлшері бар).

— Жалпы декреттік демалысты бірінен-біріне жалғастырып, максимум қанша жыл отыруға болады?

— Соңғы туылған бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты ақысыз демалыста отыра алады.

— Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Похожие статьи