Закон для васРазноеАуыл шаруашылы?ына берілетін субсидия

Ауыл шаруашылы?ына берілетін субсидия

Нет времени читать? Сохрани

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінінде А.Мырзахметов АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Жаңа жаһандану заманында аграрлық сектордың дамуына аса мән берілуде. Алдағы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу экономикалық өсім мен әртараптандырудың ең негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Кешеннің жаңа рөлін жүзеге асыру ел дамуын тұрақтандырып, еңбек өнімділігін арттырады. Бағдарлама жобасы қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ фермерлік қожалықтарды ауқымды кооперацияларға біріктіру арқылы өндірістің өсімі мен ауыл тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізделген.

Бұл кооперациялар отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді ішкі нарықта өзінің табиғи және құнарлы өнімдерімен тартымды етеді.
Бағдарламаның арқасында субсидия алушылар саны қазіргіден жеті есеге дейін көбейіп, КазАгроның жеңілдік аясы кеңейіп, несие алатын орта мен кіші кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге көбейеді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін несиелік ресурстардың барлық түрлерін қамту жоспарлануда. Бірінші кезекте, несиелер ауыл шаруашылығы кооперативтері мен орта және шағын бизнеске беріледі.

АҚ ҰБХ «КазАгро» арқылы берілетін несие мөлшерлемесі төмендетіліп берілетін болады. Мысалы, келесі жылдан бастап көктемгі суару жұмыстарына берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 3%-ға дейін төмендетілмек (2016 жылы 7,4% берілген).

«Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында субсидияның 34 түрі жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия түрлері жаңартылатын болады. Мал шаруашылығы саласындағы қолдасынтағы субсидияның төрт түрі алынып тасталынады»,- деді А.Мырзахметов.

Бұл асыл тұқымды ірі қара малдың етін импорттау бағыты, асыл тұқымды бұқаларды сүтті сиырлардың табынында ұстау, бұқаларды ірі мал бордақылау алаңдарында өсіру және ірі және шырынды жем-шөпті арзандату болып табылады.

Сонымен қатар субсидияның ережелерін 7 бағыт бойынша көбейту көзделген. Олар: бастапқы мөлшерлемені төмендету және 8 бағыт бойынша критерилерді қайтадан қарау, субсидияның 6 жаңа түрін қосу, оның ішінде 4 өңірлік бағытын, АҚО 5 бағытын қайтару, 10 бағытты өзгерізсіз қалдыру.

«Өсімдік шаруашылығындағы субсидия тиімділігін арттыру үшін гектарға берілетін субсидиядан өндірілген өнімге берілетін субсидияға көшу және көктемгі егін жұмыстарында алынатын басым астықтарды несиелеу қарастырылып отыр»,- деді Вице-Премьер.

Аскар Мырзаметов өз сөзінде гектарлық субсидиядан бас тартуға әртараптандырудың жеткіліксіз болуы, құрама жем-шөп,май өңдейтін зауыттардың төмен жүктемелігі, өсімдік майы мен қант импортының жоғары мөлшері себепкер болғанын атап өтті.

«Егістікте бидайдың мөлшері жоғары болғандықтан, (ғылымның ұсынысы бойынша 45% болса, бүгінгі күні 57%), сатылатын бағасына тәуелді болып тұр. Май өңдеуші зауыттардың жүктемелігі 550 мың тоннаны немесе 45%-ды құрайтын болса, ал құрама жем дайындайтын зауыттар тиісінше 1,2 млн. тонна немесе 42% құрап отыр. Өсімдік майының импорттағы үлесі 160 мың тонна немесе 40%, қанттікі 432 мың тонна немесе 97%»,- дейді А.Мырзахметов.

Сондай-ақ, бағдарламада көктемгі егін жұмыстарын несилеу, өнімдерді сатып алып құрама жем (арпа, жүгері) зауыттарын іске қосу, дәнді дақылдарды өңдеу ісін қаржыландыру шараларына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ –ның әлеуетін қолдану жоспарланған.

Тауар өндірушілерге субсидиялар бағыттардың мынадай басымдылықтарына сәйкес төленеді:

Асыл-тұқымдық мал шаруашылығын дамытуға:

  • ірі қара малдың және қойлардың аналық басымен асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізу;
  • асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды және қойларды сатып алу;
  • асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған басқа да бағыттар.

Мал  шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға:

  • ауыл шаруашылығы кооперативінің бұқашықтарды бордақылауы және сүт өндіруі;
  • сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті) өндірісінің құнын арзандату;
  • құс еті өндірісінің құнын арзандату;
  • бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату;
  • қозы еті өндірісінің құнын арзандату;
  • құрамажем құнын арзандату;
  • биязы және жартылай биязы жүн өндірісінің құнын арзандату;
  • шошқа еті өндірісінің құнын арзандату;
  • жылқы еті өндірісінің құнын арзандату;
  • түйе еті өндірісінің құнын арзандату;
  • тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы) өндірісінің құнын арзандату;

Бір немесе бірнеше бағыт бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағытының басымдығына сәйкес қайта бөлінеді.

Жыл сайын тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өтінімдерді қабылдауды бастауға дейін күнтізбелік бес күннен кеш емес мерзімде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің интернет-ресурсында субсидиялауға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады. Өтінімдерді қабылдау
20 қаңтардан басталады.  Тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидияларды алу үшін қажетті шарты өлшемшарттарға және талаптарға  сәйкестігі  болып табылады    

Субсидиялар:

  • селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналық басы үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген субсидиялаудың базалық нормативі бойынша және төлдің шығу көрсеткішін ескере отырып, нақты төл алынған ірі қара малдың аналық басы үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген субсидиялаудың қосымша нормативі бойынша;
  • селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың, ешкілердің, маралдардың аналық басы және балара ұясы үшін;
  • сатып алынған асыл тұқымды мал басы және ата-енелік/ата-тектік нысандағы ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың асыл тұқымды тәуліктік балапаны үшін;
  • ірі қара мал мен қойлардың қолдан ұрықтандырылған нақты аналық басы үшін;
  • табынның өсімін молайтуда пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның басы үшін;
  • союға немесе бордақылау алаңдарына (1000 мал орнынан бастап) өткізілген немесе есепке алу нөмірлері бар етті қайта өңдеу кәсіпорындарында, сою пункттеріне және тоңазытқыш жабдығы бар сою алаңдарында қайта өңделген бұқашық пен қозының басы үшін;
  • есепке алу нөмірлері бар етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға, сою пункттеріне өткізілген немесе сонда қайта өңделген құс етінің, шошқа етінің, жылқы етінің, түйе етінің бір килограмы үшін және есепке алу нөмірлері бар қайта өңдеуші кәсіпорындарға (цехтарға) өткізілген немесе сонда қайта өңделген сүттің, биязы және жартылай биязы жүннің бір килограмы үшін;
  • өткізілген тағамдық жұмыртқа бірлігі үшін;
  • өткізілген құрама жемнің бір тоннасы үшін төленеді.

Мыналар субсидиялауға жатпайды:

Cоңғы өзгеріс: 14.05.2018

Похожие статьи